“ERNUR print” ЖШС

  • Баспахана iсi
  • Жедел полиграфия

Жаңа кезеңге сай сапалы, толық түрлi-түстi басылымдар басып шығару және жедел баспаханалық қызмет көрсету «ERNUR-print» ЖШС-нiң еншiсiнде. Клиенттердiң сұранымын қанағаттандыру және жоғары сапалы қызмет көрсету үшiн 2010 жылы желтоқсан айында «Бизнес жол картасы – 2020» мемлекеттiк бағдарламасы арºàñûíäà, үстiмiздегi жылдың наурыз айында Үндiстанда немiс технологиясымен шығарылған «CITYLINE EXPRESS» атты соңғы үлгiдегi баспахана қондырғысын сатып алды. Мұндағы басты мақсат — полиграфия өндiрiсiне жаңа инновациялық технологияларын енгiзу едi. Оңтүстiк өңiрiне алғаш рет қызмет көрсетiп отырған «CITYLINE EXPRESS» Қазақстан мен Орта Азиядағы ең озық үлгiдегi баспахана қондырғыларының бiрi болып табылады. Қондырғы сағатына 35 000 данаға дейiнгi жылдамдықпен А-2 және А-3 форматтағы 40 беттiк газеттi, оның iшiнде 16 бетiн толықтай түрлi-түстi етiп шығаратын жоғары мүмкiндiкке ие.
Баспа қызметi республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегi айына 3 миллионнан астам данамен шығатын 80 газеттi уақытында басып шығарып, тапсырыс берушiлердiң талабын орындауда. Атап айтқанда, республикалыº «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время» газеттерi, облыстыº «Оңтүстiк Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» газеттерi және ОҚО, Тараз, Қызылорда қалаларында шығатын тағы басқа басылымдар да осы баспаханада басылуда.

Осылай үш құрылыммен жаһандану заманында ұтымды жүйенi қолға алған Корпорация бүгiнгi таңда шаруашылық қаржысы жеткiлiктi, заманауи үлгiдегi техникалармен жабдықталған, бiлiмдi де тәжiрибелi кадрлармен жасақталған. Өз техникасын жылдан-жылға жаңартып, жұмысын жандандырып отырған «ERNUR» корпорациясында өз iсiн жетiк меңгерген 427 қызметкер жұмыс iстейдi.
Уақыт озған сайын күрделенген заман талабына сай икемделiп жұмысын жүргiзiп келе жатқан аталмыш мекеме ISO-9001-2009 жаңа халықаралық стандарт бойынша жұмыс атқарады. Жыл сайын мемлекет қоржынына салықтың барлық түрлерi бойынша 40 млн. теңгеден астам қаржы құйып отыр.
Корпорация Оңтүстiк Қазақстан облысы ғана емес елiмiздiң iрi қалаларында және көршілес елдерiмен тұрақты серiктестiктi дамытып келедi.

Болашақта «ERNUR» корпорациясы елiмiздiң барлық аймақтарында осындай кластерлiк компанияларды ашуды жоспарлап отыр.